Тәркіленген өнім: Жамбылдық кәсіпкер заңсыз шөлмекті қара базарда саудалаған

Тәркіленген өнім: Жамбылдық кәсіпкер заңсыз шөлмекті қара базарда саудалаған
Сот орындаушыларының ескертуін елемеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбылдық кәсіпкер құны 110 млн теңгелік алкоголь өнімін сатып жіберген. Оның өзі тәркіленген тауар болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Анықталғандай, азамат сот процесі жүріп жатқанына қарамастан 170 мың дана заңсыз шөлмекті қара базарда саудалаған. Ал құзырлы орындар Ресейден келген құжатсыз ішімдіктерді 4 жыл бұрын сатуға тыйым салған. Бірақ қоймаға қара құлып салынғанына қарамастан, кәсіпкер мөрленген есікті астыртын ашып, шөлмектерді шетінен шығарып отырған. Тіпті сот орындаушыларының ескертуін елемеген. Арақты заңсыз сатқан кәсіп иесі енді алдағы 1 жыл 3 айын түзеу мекемесінде өткізеді. Сотталған саудагер заңсыз тапқан қаражатты толықтай мемлекетке өндіріп беруге міндеттелді.

– ҚК 425-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жыл кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді қалалық прокуратураның аға прокуроры Әлима Дәлішова.

Оқи отырыңыз: Көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде ұсталды

Новости партнеров