|
12.09.2024 | 15:24
252

Ақмола облысында білім бөлімінен 6 млн теңгеге жуық қаржы жымқырылған

Мекеме бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты

Ақмола облысында білім бөлімінен  6 млн теңгеге жуық қаржы жымқырылған elements.envato.com

Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мекеменің бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалған құжаттар жасағаны және шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз есептеген фактілерін жасырғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімі 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды», - делінген хабарламада.

Залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылды.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында Білім бөліміндегілер төрт мұғалімді сотқа берген

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир