Нұр-Сұлтанда бір түнде алты бірдей көлікті ұрламақ болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтанда бір түнде алты бірдей көлікті ұрламақ болғандар ұсталды
Ең қызығы, күдіктілер назарына тек ресейде жасалған автокөліктер іліккен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда араққа сылқия тойған жастар бір түн ішінде алты бірдей көлікті ұрламақ болған. Оның біреуін ұрлап бара жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Ең қызығы, күдіктілер назарына тек ресейде жасалған автокөліктер іліккен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біреуін 23 жастағы жігіт бұзып кіріп, келесі көшеге жеткенде темір тұлпардың аккумуляторы отырып қалады. Басқа көлік тапқан қаскөйлер оның аккумуляторын шешіп алып орнатады, алайда машинаны оталдыра алмаған. Сол кезде олар ресейлік нөмірі бар көлікті көріп, оны айдап кетуге ниеттенеді. Осылайша олар бір емес, бірден алты көлік ұрламақ болады. Алайда қанша тырысқанмен, жымысқы әрекеттерінен ештеңе шықпапты.

«Күдіктілер кілті салонда қалып қалған Гольфты айдап қашып кеткен. Алайда қала орталығына жеткенде көлік тоқтап қалып, оны итеруге мәжбүр болған. Олар жақын жерде тұрған Mercedes жүргізушісінен көмек сұрап, оталдырмақ болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Новости партнеров