"10 жыл құлдықта ұстады": Жетісу тұрғынының өтінішін полиция тексереді

storm100.livejournal.com
storm100.livejournal.com
Ол әлеуметтік желіде үндеу жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысы Қаратал ауданының тұрғыны құлдықта болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Қаратал ауданы тұрғынының үндеуі жарияланды. Ол осыдан он жыл бұрын жергілікті тұрғын жұмысқа шақырғанын, содан бері құжаттарын алып, еңбек құлдығында ұстағанын айтты. Биыл ол шаруа қожалығынан кішкентай қызын алып кетіп қалған. Ер адам енді қорқып жүргенін айтады. Ер адам мемлекеттік органдардан құжаттарын қайтаруға көмектесуді сұрады.

Жетісу облысының полицейлері ер адамның видеосы назарға алынып, Қаратал ауданының полициясына ресми тіркелгенін хабарлады. Оның көп жыл бойы жергілікті шаруалардың бірінде еңбек құлдығында болғаны туралы ақпарат облыстық полиция ұйымдастырған арнайы іс шаралар аясында тексеріліп жатыр.

Новости партнеров