|
25.11.2020 | 15:25
1073

Түркістан облысында ірі көлемдегі дәрі-дәрмек контрабандасының жолы кесілді

Шетел азаматы құны 34 миллион теңге болатын медициналық препараттарды заңсыз тасымалдағаны анықталған

Түркістан облысында ірі көлемдегі дәрі-дәрмек контрабандасының жолы кесілді ашық дереккөзден

Түркістан облысында ірі көлемдегі дәрі-дәрмек контрабандасының жолы кесілді. Шетел азаматы құны 34 миллион теңге болатын медициналық препараттарды заңсыз тасымалдағаны анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарыағаш ауданы трассаларының бірінде ұсталған жүк көлігінен тиісті құжаттары жоқ 254 дәрі-дәрмек қорапшасы табылып, тәркіленді. Жүргізушінің айтуынша, ол Ресейден Өзбекстанға белгіленген ақыға жүк жеткізбек болған. Сондай-ақ, тексеру барысында дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткені белгілі болды. Аталған қылмыстық факт Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде тіркелді.

«Автокөлік жүргізушісінің айтуына қарағанда бұл жүктің қожайыны Өзбекстан Республикасының азаматы. Бұл дәрілерді Ресей Федерациясынан Өзбекстанға алып бара жатқан. Дәрі-дәрмектердің пайдалану уақыты да өтіп кеткені де белгілі болды. Жайт Сарыағаш ауданы полиция басқармасына тіркелді. Тексеру жұмыстары жалғасуда», – деді Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир