|
11.04.2024 | 15:26
272

Бишімбаевтың адвокаты іске басқа судьяны тартуды талап етті

Істі әрі қарай Айжан Құлбаева жалғастырады

Бишімбаевтың адвокаты іске басқа судьяны тартуды талап етті Almaty.tv

Бишімбаевтың сотында бүгін екінші сотталушы Бақытжан Байжанов сұралды. Нүкенованың өліміне қатысы бар деп айыпталған ол қайғылы оқиға болған күнді бастан аяқ баяндап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдымен Салтанаттың туыстарынан кешірім сұрады. Кінәсі дәлелденсе, қандай жаза болсын өтеуге дайын екенін жеткізді. Мейрамханаға барған сол күні Салтанаттың өлім аузында жатқандығынан бейхабар болғанын айтты. Бишімбаевтың бұйрығымен керек дегенін әкеліп жүргенін жеткізді.

– Сол күні таңертең «Гастроорталыққа» келгенімде, Бишімбаевтың ішімдік ішіп, жанжал шығарғанын, Салтанатты кезекті рет ұрғанын естідім. Бірақ мұндай жағдай бұрын да болған. Оған етіміз үйреніп кетті. Сол күні Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмедім. Білсем, дер кезінде көмек көрсетер едім, сол үшін өкінемін, – деді сотталушы Бақытжан Байжанов.

Отырысқа Бишімбаевтың екі адвокаты кешігіп келді. Олардың әріптесі Ерлан Ғазымжанов әріптестерін сот залына кіргізуді сұрады. Алайда оның өтінішін судья қанағаттандырмады. Процесс басталып кеткенін айтып, үзіліске дейін сыртта күту керек екенін жеткізді. Судьяның сотқа шақырылмаған куәгерлердің айғақтарын оқуға рұқсат бергені сол еді, Бишімбаевтың адвокаты қарсылық білдіріп, іске басқа судьяны тартуды талап етті. Залда жабық түрде кеңес өткізіліп, 1 сағаттан соң отырыс жұмысы қайта жанданды. Сот алқасы Бишімбаев адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмады. Істі әрі қарай Айжан Құлбаева жалғастыратын болды.

– Оларға бұның алдында да сот отырысына кешікпеу туралы ескерту айтылған. Онлайн-трансляция жүріп жатқандықтан, сот отырысы 09:30-да басталатынын біле тұра, кешікті. Судья үзіліс жариялағанда, кірсе болады, – деді судья Айжан Құлбаева.

Оқи отырыңыз: Әзербайжаннан қылмыстық топтың басшысы экстрадицияланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир