Таразда жалған полицей қолға түсті

Таразда жалған полицей қолға түсті
Тексеру барысында күдіктінің сәуірде ғана төтеншеліктер киімін кигені үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда жалған полицей қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, ұсталған азамат 19 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында күдіктінің сәуірде ғана төтеншеліктер киімін кигені үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды. Бүгінде ұсталған азаматтың қадамға не себепті барғаны анықталып жатыр. Жалған полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 390-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды. Осы баптың санкциясы 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту немесе 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді», – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Новости партнеров