Шымкентте екі баласын өлтіріп, қашып кеткен күдікті ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Әйел қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Екі баласын өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен». Түркістандағы жалдамалы пәтерде болған қанды қылмысқа қатысты күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кешеден бері іздеу жүргізген тәртіп сақшылары оны Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде қолға түсірген. Бейресми дереккөздерде 31 жастағы келіншектің психикалық ауытқуы бар деген ақпар тарап жатыр. Кей мәліметтерде оның отбасылық кикілжіңге байланысты екі баласымен Түркістанға қашып келгені айтылады. Полицейлер бұл деректерді растамағанымен, әзірге жоққа да шығармады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

– Полиция екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады. Әйелді іздеуге облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды, – деді Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов. 

Өткен түннен бері елді дүрліктіріп, адам айтса нанғысыз әрекетке барған 31 жастағы әйелдің Қызылорда облысының тұрғыны екені анықталды. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, келіншек күйеуімен араздасып, балаларын алып кеткен. Өзі Шиелідегі №46 мектептің даярлық сыныбында мұғалім боп қызмет атқарыпты. Бүгін қамауға алынған күдіктінің үстінен адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалып үлгерді.

Оқи отырыңыз: Ақтау әуежайында есірткі жұтып алған екі шетелдік азамат ұсталды

Новости партнеров