Алматыда әйгілі «Айшуақ-Жантүгел» қылмыстық тобының 14 мүшесі ұсталды. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде олардан 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты мен басқа да суық қару тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаскөйлердің әрекетіне қатысты биыл 15 дерек тіркелген. Олардың ішінде жетекшілерінен бастап 30-дан аса адам түрлі қылмыс жасағаны анықталған. Топ мүшелері кәсіпкерлерге де күш көрсетіп бопсалап келген көрінеді.
– Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады. Олардың криминалдық қызметі туралы дәлелдемелерді жинау арқылы қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенділерін қоғамнан оқшаулау жөнінде кешенді іс-шаралар қабылданып жатыр, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Оқи отырыңыз: Ақтау әуежайында есірткі жұтып алған екі шетелдік азамат ұсталды