Алматыда медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізілді

elements.envato.com
elements.envato.com
Салада 226 мыңнан астам олқылық анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Былтыр Алматыда медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізу барысында 1,8 млрд теңгеге 226 мыңнан астам олқылық анықталған. Аталған дерек Сыртқы талдау нәтижелері мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірлесе жүргізген жұмыстың нәтижесінде белгілі болды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жүзеге асыруға арналған жиында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау саласында 18 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, 20 ұсыныс беріліпті.

Айта кетейік, Алматы қаласының тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде жыл басынан бері сейсмологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне сыртқы талдаулар жүргізілді.

– Бұл олқылықтар көбіне №7 қалалық клиникалық, Орталық қалалық клиникалық ауруханаларында, №2 және №6 қалалық емханаларда анықталды. Талдауға сәйкес, мамандарды бір уақытта бірнеше емдеу мекемелерінде бірнеше жұмысқа тағайындау, медициналық мекемелердің қызметкерлеріне сыйақыларды дұрыс бөлмеу, денсаулық сақтау мекемелерінде сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің бағасын жүйелі көтеру фактілері және тағы да басқа сыбайлас жемқорлық тәуекелі белгілі болды, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы 38 мопедті айыппұл тұрағына қойды

Новости партнеров