Маңғыстауда екі әскери қызметкер 59 жастағы ер адамды аса қатыгездікпен өлтірген деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тергеушілердің мәліметінше, олар марқұмның басын кесіп, кейін жерлеген. Тағы бір күдікті қашып кеткен. Ал қайтыс болған адам бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі адамды ұрлап әкетіп, өлтірген екі күдіктінің ұсталғанын растады.
– Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәлімет жарияланбайды, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.
Оқи отырыңыз: Жұмбақ өлім: мәйіті өзеннен табылған әйелдің туыстары күдіктілерді атады