Тергеу изоляторынан қашқан ер адамның түр-тұлғасы белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден
Ол ұрлық пен алаяқтық әрекеті үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда тергеу изоляторынан қашқан ер адамның бет-әлпеті белгілі болды. Қылмыскер туралы жаңа мәліметтерді қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
1987 жылы туылған Дамир Давутовтың бойы шамамен 175-180 см, шашы қара, қыр мұрынды, қоңыр көзді. Басына ақ жолақты қара спорттық қалпақ, қара қысқа күрте мен қара спорттық шалбар киген. Сондай-ақ, сотталушы 7 күн ішінде өз еркімен қайта оралса, түрмеден қашып кеткені үшін ешқандай жазаға тартылмайды деп хабарлайды департамент.
Айта кетейік, 15 ақпан күні 33 жастағы ер адам тергеу изоляторынан қашып кеткен. Ол ұрлық пен алаяқтық әрекеті үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15