Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауылдардың бірінде есігінің алдына 267 түп сора өсімдігін еккен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
46 жастағы азамат бұрын сотты болмаған. Бұл деректі Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру барысында анықтапты. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
- Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан 267 түп биіктігі 1,5 - 2 метр болатын сора өсімдігі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттар жалпы салмағы 248 кг 740 гр екендігі анықталды, - дейді Сырдария аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әділхан Қанзадаев.
Оқи отырыңыз:Түркістан облысы тұрғынынан 300-ге жуық түп сора тәркіленді