Алматыда полицейлер қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймасын тапты
Алматы ПД баспасөз қызметі / пресс-служба ДП Алматы
Күдіктілер «Шаңырақ» ықшамауданына қарасты жеке тұрғын үйде тұтас арсенал жасырып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасын әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күдіктілер «Шаңырақ» ықшамауданына қарасты жеке тұрғын үйде тұтас арсенал жасырып келген.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында еден астынан 12 граната, дулығалар мен қалқаншалар, тегіс ұңғылы мылтықтар және атыс қаруларын тапты.
Полиция қару-жарақ жасырып келген төрт адамның жаппай тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар екенін хабарлады. Күдіктілер қолға түсіп, қылмыстық іс қозғалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39