|
26.08.2024 | 16:07
82

Астанада 10 адамды алдаған пәтер алаяғы ұсталды

Күдікті өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін ақша табудың жоспарын ойлап тапқан

Астанада 10 адамды алдаған пәтер алаяғы ұсталды elements.envato.com

Астанада алаяқтықтың 10 эпизодына қатысы бар күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Елорда полициясына қала тұрғындары арызбен жүгінген. Ал күдікті өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін ақша табудың жоспарын ойлап тапқан.

«Қоғамның сеніміне кірген ол, өзін тұрғын үй қорының жұмыскері ретінде таныстырып, тиімді шарттармен пәтер алуға өзінің қызметін ұсынған. Елорда тұрғындарының көпшілігі жеке баспанасы болмай, жалдамалы пәтерлерде тұрғандықтан алаяқтың ұсынысын қабылдаған. Келтірілген шығын шамамен 20 млн теңгеден асқан», - деп хабарлады ПД.  

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы азаматты ұстады. Күдікті жасаған қылмысын мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 10 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Оқи отырыңыз: Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир