|
16.06.2020 | 16:10
1630

Қазақстанның 17 қаласында жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкереленді

Алданған халық ұйымға 3,9 миллиард теңге қаржы құйып үлгерген

Қазақстанның 17 қаласында жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкереленді Видеодан кадр

Қазақстанның 17 қаласында жұмыс істеген қаржы пирамидасының жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы пирамидасына салымшылар жалпы көлемі 3,9 миллиард теңге қаржы құйып үлгерген. Халықты сан соқтырған ұйымның 14 облыста 22 бөлімшесі болған. Ақпаратты ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг комитеті таратты.

Белгілі болғандай, қаржы пирамидасына салымшы жарна ретінде кемінде 180 мың теңгеден құйған. Мамандар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін тексеріп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл заңбұзушылыққа қатысты Қылмыстық кодекстің 217-ші бабы, яғни қаржылық пирамада құрып, басқарғаны үшін жаза қарастырылған. Егер сотта ұйымдастырушының кінәсі толық дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир