Медицина қызметкерлерін балағаттап, тәртіп сақшысына қол жұмсаған
almaty.tv
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының қабылдау бөлімінде болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында ер адам медицина қызметкерлерін балағаттап, тәртіп сақшысына қол жұмсаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының қабылдау бөлімінде болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түрген ауылының 45 жастағы тұрғыны медицина қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, терезе сындырғаннан кейін, олар полицияны шақыруға мәжбүр болған. Учаскелік инспектор қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамды тыныштық сақтауға шақырды. Алайда соңғысы оның өтінішін елемей, еш себепсіз бетінен қойып жіберген. Кейін аулада тағы бірнеше соққы жасап, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37