Павлодар облысында бензин мен дизельді заңсыз сатқандар сотталды

smi24.kz
smi24.kz
Оларда өнімнің заңдылығын растайтын құжаты болмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында бензин мен дизельді заңсыз сатқандар сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларда өнімнің заңдылығын растайтын құжаты болмаған. Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген тергеуде 15 адамның 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин алғаны анықталған. Кейін өнімдерді бөгде адамдарға басқа фирма арқылы өткізіп отырған. Айта кету керек, дәл осы мердігер бүгінге дейін 550 миллион теңгеден асатын 2 жарым мың тоннаға жақын дизель отынын сатыпты.

«Сот Шұғаев Жанайдар Серікұлын ақшалай қаражатын тәркілеумен  6 жылға, Унгефугты 4 жыл 6 айға, Шамиевті 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов


Новости партнеров