Елорда дүкендерінде 10 млн теңге айналымы бар заңсыз терминалдар орнатылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментің рұқсатынсыз ойын аппараттарын орнатып, бизнес ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты қылмыстық істің аяқталғанын хабарлады. Мүлкі тәркіленіп, кідіктілерге бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
«Заңсыз айналымнан елорда дүкендерінде орналасқан 800 000 теңге сомасында ақша қаражаты бар 23 ойын терминалы алынды. Осы ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңгені құрады. Заңсыз ойын бизнесі мақсатында үй-жайлар бергендер үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске саламыз», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.