Тергеу аяқталды: құрылыс компаниясы мектеп салу барысында ірі көлемде ақша жымқырған

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Сот үкімі шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы екі мектепті жөндеу барысында аса ірі көлемде мүлік жымқырған азаматтарға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен құрылыс компаниясының арасында 855 миллион теңгені құрайтын келісімшарт жасалған. Алайда құрылыс жұмыстары барысында, компания басшысы жобалық-сметалық құжаттамадағы жұмыстардың бір бөлігін орындамай, ал орындалған жұмыстардың актілерін қолдан жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша жымқырған. Тергеу нәтижесінде мемлекетке келтірілген 57,5 миллион теңге көлеміндегі залал толығымен өтелді.

«Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде жауапкершілік шектеулі серіктестіктің шотына 57,5 миллион теңге ақша қаражаты заңсыз аударылды. Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар сотталушы мен мемлекетке келтірілген 57,5 миллион теңге сомасындағы залал толығымен өтелген», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Новости партнеров