|
15.10.2020 | 16:21
1527

Алматы облысында 17 бас жылқы ұрлаған барымташы ұсталды

Ауыл жұртшылығын зар илеткен күдікті Жамбыл ауданындағы Қарақастек ауылының тұрғыны болып шықты

Алматы облысында 17 бас жылқы ұрлаған барымташы ұсталды almaty.tv

Алматы облысында 17 бас жылқы ұрлап, базарға өткізіп жіберген 37 жасар барымташы полицияның қолына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауыл жұртшылығын зар илеткен күдікті Жамбыл ауданындағы Қарақастек ауылының тұрғыны болып шықты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған қылмысын толық мойындады. Келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады. Малдың қолды болғаны туралы арыз 9 қазанда Жамбыл аудандық полиция бөліміне Кеңсай ауылының тұрғынынан түскен еді.

«Мал ұрлау» дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстығы тексеріліп жатыр.

«Бірлескен қарқынды жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының мал базарынан жәбірленуші таныған ұрланған 11 бас жылқы табылып, тәркіленді. Жоғалған малды әрі қарай іздеу жұмыстарын жалғастыру кезінде  Түркістан облысы Сайрам ауданының Арыс ауылынан жәбірленуші таныған тағы екі жылқы табылып, тәркіленді. Алып-сатарлар анықталып, олар арқылы тағы екі құлын мен бір бие Тараз қаласындағы жеке тұлғалардан табылды», – деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир