Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне жетіп көз жұмған
Depositphotos
Алдын ала болжам бойынша, екі адам төбелескен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне жетіп көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
1982 жылы туған ер адам төбелестен соң үйіне барып, өзін нашар сезінген, әйелі жедел жәрдем шақырған.
Шақыру бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын анықтады.
«Шұғыл шақыру» бағдарламасының хабарлауынша, төбелес 25 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Тельман шағынауданында, Самал базарының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, екі адам төбелескен.
Ер адамның нақты неден қайтыс болғанын медициналық сараптама анықтайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37