Өскеменде мектеп оқушылары үшінші күн қатарынан сабақ оқи алмай отыр

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Бүгін түскі уақытта қаладағы бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен қаласында соңғы 10 күнде мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы алтыншы хабар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін түскі уақытта қаладағы бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті.

«Мамандандырылған қызмет дереу мектептерге келіп жетті. Білім ордаларының қызметкері мен оқушысы қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта ғимараттар іші тексерілуде. Халықтан сабырлық танытуды және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұл соңғы 10 күнде мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы алтыншы хабар. Соның салдарынан апта басталғалы бері бірнеше мектеп оқушылары сабақ оқи алмай отыр.

Ең бірінші 6 ақпанда Өскеменде сотқа және мектепке бомба қойылғаны хабарланған.

Алайда тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Кеше жарылғыш зат жайлы хабардан соң 23 мектепте оқушылар сабақ оқымаған болатын.

Новости партнеров