|
05.04.2024 | 16:26
17809

Өзгенің тауар белгісін заңсыз иемденгендер жазаланды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды

Өзгенің тауар белгісін заңсыз иемденгендер жазаланды Алматы қаласы Әділет департаменті

Алматы қаласы Әділет департаменті 2024 жылдың қаңтар айында "WD-40" компаниясы өкілдерінің өтініші негізінде 2 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеріс барысында "WD-40" тауар белгісіне ұқсас жалпы сомасы 2 151 240 теңгені құрайтын 6 648 бірлік контрафактілік өнім тәркіленді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Осыған орай, кәсіпкерлерге ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына сәйкес "бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану" фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Антиконтрафакт республикалық акциясы шеңберінде аталған контрафактілі тауарлар сот шешіміне сәйкес жойылды және әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысы шеңберінде құқықбұзушыға айыппұл түрінде жаза қолданылды. Контрафактілік өнімдер су мен ылғалға қарсы әмбебап аэрозольдер болып табылады. Бұл өнімдердің сапасы күмәнді, ал өндірісі белгісіз. 2024 жылды 1 тоқсанында Департаментпен жоспардан тыс 20 тексеру жүргізілді, оның барысында жалпы сомасы 6 335 740 теңгеге 7 464 контрафактілік өнім тәркеленді. Сот шешімі арқылы құқық бұзушыларға жалпы сомасы 1 703 864 теңгеге айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз: Тараз қаласы әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысының жаза мерзімі ұзаруы мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир