|
10.06.2020 | 16:26
2855

Кісі өлтірді деген айыппен іздеуде жүрген өзбекстандық Ақтөбеде ұсталды

Ол ұрланған бұзау етін алып бара жатқанда қолға түскен

Кісі өлтірді деген айыппен іздеуде жүрген өзбекстандық Ақтөбеде ұсталды Полиция Актюбинской области

Полиция адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбелік полицейлер кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. 35 жастағы күдіктіні Самара – Шымкент тасжолында патрульдік полиция ротасының жасағы қолға түсірді. Ол Шымкенттен Ақтөбеге қарай жол тартқан. Полиция қызметкерлері оның қолындағы қапшықтан күдіктеніп, тоқтатқан.

«Өзбекстан азаматының қолындағы қапшықта жеке заттарынан басқа, бұзаудың басы мен еті табылған. Шымкент қаласынан Ырғыз ауданына қарай жүріп, жолда жайылып жүрген бұзауды жасырын түрде ұрлап кеткен. Сойып, еттің бір бөлігін және малдың басын қапшыққа салып алған. Ұсталған азамат өз әрекетін мойындады. Күдіктінің жеке басын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2016 жылдан бері іздеуде жүргенін білді. Алматы облысының полиция департаментінің ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланғаны анықталды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир