|
06.12.2023 | 16:32
636

Жалған ақшамен жанармай құйдырмақ болған жүргізуші ұсталды

Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жалған ақшамен жанармай құйдырмақ болған жүргізуші ұсталды Сурет: elements.envato.com

Жалған ақша купюрасымен есептескен күдікті анықталды. Бурабай ауданы полиция бөліміне жанармай құю бекеттерінің біріндегі қауіпсіздік қызметінің маманы алаяқтық туралы хабар түсірген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам 1 желтоқсан күні жанармай құю бекетінде номиналы 10 мың теңге болатын кәдесый банкнотымен төлем жасамақ болған.

Сағат кешкі 18:00 шамасында жанармай құю бекетінде "Тойота 70" автокөлігі келген. Жүргізуші көлікке жанармай құйып, жалған ақшамен төлем жасаған. "Автоураган" жүйесінің көмегімен жалған ақшамен төлем жасаған адам анықталды. Ол Жамбыл облысы Шу қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктінің айтуынша, ақшаны оған таныстары берген және ол қателесіп ақшаны әмиянға салған.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Оқи отырыңыз: Павлодарда өтелмеген айыппұл рекордын орнатқан жүргізуші ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир