«Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры ұсталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін жымқырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры жемқорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv

Маңғыстау облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталмыш кәсіпорын директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Шенеунік аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген.

Залал сомасы 65 млн теңгеден асады. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі комаға түскен әскериге қатысты мәлімдеме жасады

Новости партнеров