Алматыда 1,5 жасар қызын өлтірді деп айыпталған британдық азаматқа сот үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2019 жылы InterContinental қонақ үйінде өз перзентін ұрып соғу нәтижесінде, бүлдіршіннің көз жұмуына байланысты Баракат Мохамед кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен шығару жазасы тағайындалды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Тергеу мәліметтері бойынша, шетелдіктің қызын ұруына жұбайы екеуінің арасындағы жанжал себеп болып, ер адам алкоголь мен есірткілік мас күйінде болған. Сондай-ақ, Ұлыбританиялық азаматтың кінәлі деп танылуына қонақ үй қызметкерінің болған жағдай бойынша куәгерлік етуі де түрткі болыпты. Бірақ шығарылған үкім көпшілік арасында резонанс тудырып, бүгін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта брифинг өтіп, неліктен осындай үкім шығарылғаны түсіндірілді.
«Оның кінәсі сот медициналық сараптама қорытындыларының және де іс бойынша жедел ақпардан басқа да сотта келтірілген дәлелдемелер бойынша өз қорытындысын шығарды. Осының негізінде, Баракат жас баланы өлтірді деп, кінәлі болып табылып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалып, сотталды», – деді мамандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Бақытхан Бәкірбаев.