Құлсарыда жеті баланың анасын өлтіріп кетті
egemen.kz
Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
25 қарашада түнде Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.
35 жастағы әйелді бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйел ауыр жарақаттың салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстың себебі анықталып жатыр.
Қайтыс болған әйелдің артында күйеуі, жеті баласы қалды.
Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жылыой ауданының тумасы, 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтыланған ақпаратты кейін беретінін мәлімдеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32