Әскери бөлімнен қару-жарақ пен оқ-дәрі ұрлап, саудалаған сержант 10 жылға сотталды

Otyrar.kz
Otyrar.kz
Шымкент гарнизонының әскери соты Абылай Балғынбай мен оның 7 сыбайласына үкім шығарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әскери бөлімнен қару-жарақ пен оқ-дәрі ұрлап, оны саудалаған сержант 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Шымкент гарнизонының әскери соты Абылай Балғынбай мен оның 7 сыбайласына үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар қылмыстарының ауырлығына қарай 10 жылдан бастап 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Қару сатып байып кетуді көздеген әскерилердің сотына арна тілшісі де қатысып қайтты.

Әскери бөлімнің сержанты жұмыс орнынан қару-жарақ пен оқ дәрілерді жымқырып, саудалағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы жылдың ақпан айында Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам елді мекенінде орналасқан 10/216 әскери бөлімінде қызмет ететін Абылай Балғынбай жұмыс орнын тастап қашып кеткені белгілі болған. Кейіннен ірі көлемдегі 29 дана АК-74 автоматы, 19 дана Макаров тапаншасы және 400-ден аса оқ-дәрінің қолды болғаны анықталды. Қашқын болса, көп ұзамай Алматы қаласынан ұсталған. Тергеу барысында оған 4 ауылдас таныс-тамыры, дивизияның командирі, оперативті-кезекші, сол бөлімде келісімшартпен істейтін қатардағы қызметші, бас-аяғы 7 адамның сыбайлас болғаны дәлелденді. Олар ұрланғанды тығуға, алып-жүруге және сатуға көмектескен.

«848/ 05,12-05,50 Абылай осы іс бойынша өзінің танысы сотталған Бағдәулет Байділлаұлы Арынға 2 тапаншаны 2020 жылдың қаңтар айының аяғында және ақпан айының басында заңсыз сатқан. Иемденіп, сақтап, тасымалдап, алып жүріп, тығып қойған. Сотталған Абылай 12 дана макаров тапаншасын сатып, жалпы 1 млн 360 мың теңге, Шатай 1 млн 900 мың теңге 1900 теңге, Орынбек 90 мың теңге пайда көріп, олар заңсыз қылмыс жасау арқылы тапқан ақшаларды өз пайдасына жаратқан», – деді Шымкент гарнизонының әскери сотының судьясы Жамиля Төленова.

Ал осы қылмыстық істің жасалып жатқанын біле тұра құзырлы органдарға хабарламаған Санжар Бекжан болса 1 млн 200 мың теңгеден аса айыппұлды төлеуі тиіс. Оған уатсап мессенджерінде жазған хабарламалары мен аудио жазбалары дәлел болған. Сотталғандардың ішіндегі ең жеңіл жаза  алған жігіттің қорғаушысы істің осылайша шешілгеніне дән риза.

«511/ 00,00-00,31  Бекжан Санжарды осы іске қатысы бойынша сот толық ақтап отыр. Ол жағынан біз ризамыз. Енді үйінде табылған травмат тапанша бойынша айыпталып отыр. Басқа айып бойынша осында сот оны толық ақтап отыр. Оған біз келісеміз, әділдікті, адалдықты сот көрсетіп отыр», – деді Бекжан Санжардың қорғаушысы Сейітқасым Танкеев.

Сотталғандардың барлығы орташа қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде жазасын өтейді. Сондай-ақ,  әрқайсысы  53 мың 20 теңгеден қазынаға өтемақы төлеуге міндеттелді. Барлығынан сот сараптамасына жұмсалған қаржы да өндіріліп алынады. Қазіргі таңда барлық ұрланған дүние әскери бөлімге қайтарылған.

Ботагөз Әбдіжәлел, Нұрлан Бексаидов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров