Алматыда 40-тан астам ойын автоматы жойылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар ойын-сауық клубтарынан тәркіленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда соттың шешімімен 40-тан астам ойын автоматы жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар ойын-сауық клубтарынан тәркіленген. Алматы облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр тексеріс барысында заңсыз бизнестің 29 дерегі анықталған. Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу мақсатында өткен жылы 110 ойын мекемесінің қызметі тоқтағанын хабарланған болатын.

«Заңсыз ойын фактілерімен күрес – Қаржы мониторингі агенттігінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Заңсыз орнатылған ойын терминалы анықталды. Олар тәркіленіп, тиісті сотқа дейінгі тергеу жүргізілді», – деді Алматы облыстық экономикалық тергеу департаментінің аға жедел уәкілі Құрбан Нұратдинов.

Новости партнеров