|
24.06.2022 | 16:56
942

Антикор Нұрлан Мәсімовке қатысты тағы бір тың ақпарат жариялады

Кәрім Мәсімовтің немере інісі аса ірі мөлшерде пара алған деген күдікке ілінген

Антикор Нұрлан Мәсімовке қатысты тағы бір тың ақпарат жариялады halyq-uni.kz

Сот шешімімен Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовті «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Нұрлан Мәсімов қазір іздестіріліп жатыр.

Егер Нұрлан Мәсімовтің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса Антикор көрсеткен мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады (call-орталық 1424):

  • +7 (7172) 909 260
  • +7 (727) 278 7300
  • +7 (707) 978 0808

Мәсімовтің орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген.

Нұрлан Мәсімов Павлодар облыстық полиция департаменті басшысы қызметіне 2019 жылдың қараша айында тағайындалды. Биыл қаңтар оқиғасынан кейін - 15 қаңтарда қызметтік лауазымынан босатылды. Бұдан кейін көп ұзамай оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир