|
22.11.2023 | 17:05
3000

Пәтер тонайтын шетелдіктер ұсталды

Тергеу амалы басталды

Пәтер тонайтын шетелдіктер ұсталды Сурет: Рolisia.kz

Алматыда Тәжікстан азаматтары пәтер тонаумен айналысқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Пәтер тонаушыларды “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында қалалық криминалдық полиция басқармасының Алатау аудандық ПБ және полицияның арнайы жасағының қызметкерлері ұстады.

 – Таңғы сағат 05.30 шамасында Шаңырақ шағынауданында бірнеше минут бұрын Тұрысов көшесіндегі үйлердің бірін тонап кеткен екі ер адам ұсталды. Олар Тәжікстан азаматы болып шықты. Ұсталған кезде күдіктілерден айғақзат тәркіленді. Олар ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдіктілер бірнеше күн бұрын Әуезов ауданында болған пәтер ұрлығына қатысы бар болуы мүмкін. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы жан-жақты тексеріліп жатыр, – дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бірінші орынбасары Данияр Омаров. 

Сонымен қатар қаскөйлердің қалада жалға алған KІА көлігімен жүргендігі белгілі болды. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: "Саяхат" автовокзалындағы тұрақ жойылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир