Алматылық тұрғын ақша айырбастау пунктінде 80 мың долларынан айырылып қалды
Almaty.tv
Күдікті 1985 жылы туған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
80 мың долларды алдап алып кеткен. Алматының Медеу ауданында бейтаныс азамат өзін ақша айырбастау пунктінің қызметкері деп таныстырып, клиенттің бар ақшасын қолды қылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қаражатты басқа валютаға айырбастаймын деген ол кеңсенің келесі бөлмесіне кіріп, сол жерден қосалқы есік арқылы бой тасалаған.
«Ақшаны айырбастаймын деп ол адамды интернет арқылы таптым. Келісілген уақытта айтқан жерге келдім. Бар ақшаны қолына санап берген соң, біраз күтіп отырғанмын. Сол кезде алданғанымды түсіндім», – деді зардап шегуші
Күдікті 1985 жылы туған. Қылмыс болған күні ол Семейден келіп, ақшаны ала салысымен Өскемен қаласына ұшып кеткен. Қазір азамат қамауда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52