|
10.02.2023 | 17:15
568

Әйел көріпкелге 119 миллион теңге төлеген: Сот үкім шығарды

Ол емші екеніне сендіріп, сеанстар өткізген

Әйел көріпкелге 119 миллион теңге төлеген: Сот үкім шығарды Фото:elements.envato.com

Павлодарда сот алаяқтық жасады деген әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметтерді іс қаралған №2 соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сотталушы кәсіпкер әйелдің 119 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен алдап алған.

Іс материалдарына сәйкес, жергілікті кәсіпкер әйел алаяқтық құрбаны болып шықты. Сотталушы оны емші екеніне сендіріп, сеанстар өткізген.

2019-2020 жылдар аралығында жәбірленуші көріпкелге 119,5 миллион теңге төлегені атап өтілді. Жәбірленуші нәтижені көрмей, полицияға хабарласқан.

Сот отырысында прокурор айыпталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот Павлодар қаласының тұрғынын Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде алаяқтық, яғни алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру" бойынша кінәлі деп таныды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жас балалардың болуына байланысты жаза мерзімі 5 жылға, яғни 2028 жылдың 9 ақпанына дейін кейінге шегерілді", –  деді №2 соттың баспасөз қызметінің өкілі.

Жәбірленушінің пайдасына 119 480 000 теңге мүліктік залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир