Алматыда мемлекеттік нөмірді ұрлап келген топ құрықталды

polisia.kz
polisia.kz
Қазір үш күдікті ұсталып, ҚР ҚК-тің 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бостандық аудандық Полиция басқармасының мәліметі бойынша, «қылмыстық үштік»  мойнында 33 қылмыстық эпизод бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

«Бұл тергеудің осы кезеңінде дәлелденген қылмыстар ғана. Өндіріс барысында құрбан болғандардың саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бұл бағыттағы жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасуда. Бұл топқа 1994 және 1995 жылы туған үш жергілікті тұрғындар кіреді. Олар келесі тізбек бойынша жұмыс жасады: тек тұрғын ауданда, атап айтқанда «Орбита» және «Алмагүл» шағын аудандарында жүрген. Үйлердің аулаларында тұрған көліктерден мемлекеттік тіркеуіш нөмірлік белгілерін шешіп алып, нөмірін 10 мың теңгеге сатып алуды талап еткен жазба қалдырып кетіп отыған. Сонымен қатар, қаскөйлер тек электронды ақша аударымдарды қолданған. МТНБ-не төлемді алған жағдайда арам пиғылдылар көлік нөмірі жасырылған жерді иесіне хабардар еткен», – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Спикердің айтуынша, қазір үш күдікті ұсталып, ҚР ҚК-тің 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылды. Сонымен қатар, полиция оңай ақшаны ұнататындардың арбауында кетпеуге және барлық қылмыстық көріністерді, соның ішінде осыған ұқсас фактілерді «102» нөміріне дереу хабарлауға шақырды.


Новости партнеров