Алматы-1 теміржол станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- Күдіктілердің алдын ала сөз байласу арқылы Жетіген станциясында ҚХР – Алматы бағыты бойынша қатынайтын жүк вагондарынан бірнеше рет тұрмыстық техникаларды ұрлағаны анықталды (аквариумға арналған жабдық – 43 дана, 14 кондиционер, 114 су жылытқыш, 63 электр плита), - деп мәлімдеді көліктегі полиция департаметінің бастығы Бақытжан Малыбаев.
Қасақана жасалған қылмыстық әрекеттердің салдарынан жекеменшік компанияларға 9 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген.
Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді жүргізген іс-шараларының арқасында жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелген.
Сондай-ақ ведомства басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Алматы 1 станциясындағы ЖПБ қызметкерлерімен Қылмыстык кодекстің 188-бабтың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Түркістан тұрғыны мемлекеттік грант аламын деп алаяққа тап болды