Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Еске салайық, бүгін Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан бақ сынаған Дастан Мұқашбеков жеңіске жеткен еді. Ел қоржынында 7 алтын бар.
Қазақстан 2016 жылы паралимпиададағы алғашқы алтынға Рио-де-Жанейрода қол жеткізген. Көп күткізген қуанышты дүйім жұртқа жүзу спортынан бақ сынаған Зүлфия Ғабидуллина сыйлап еді. Бразилия астанасында көк ту көкте желбіреп, көптің арманы орындалған күн тарихқа жазылды.
Көп ұзатпай, пауэрлифтингтен отандасымыз Раушан Қойшыбаева күміс жүлдеге ие болды. Жаһандық додада топ жаруға екі аяқтағы протез еш кедергі келтірмеді. Спортшының «бұл – жеңіс ерік пен жігердің ғана емес, шексіз қолдаудың нәтижесі» дейді.
– Әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Параспорттың Қазақстанда дамып жатқанына дүниежүзінің көзін жеткізуіміз керек. Ол үшін спортшылардың тек алға жүріп келе жатқанын байқауға болады. Барлығы тырысып, тер төгіп жатыр,– деді параспортшы Раушан Қойшыбаева.
2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы параойындар да еліміз үшін олжалы болды. Атлеттер тау шаңғысы мен биатлоннан шеберлік танытып, бір дегенде бірнеше медальды жеңіп алған еді.
Азиададағы ең жарқын естелік 2022 жылы болды. Парадзюдо бойынша қабілетін көрсеткен Ерғали Шәмей Бакудегі ойында команда қоржынына алтын салған. Сәтті өнер көрсеткен отандасымыз неміс спортшысымен таласқа түсіп еді. Биыл ол жеңісін қайталап, ұлттық құрамаға кезекті алтын медальді әкелді. Ал ойынға аттанарда ел намысын қорғайтын ұл жеңетініне сенген еді.
– 2018 жылы Қазқастанның парадзюдосы қатысқан алғашқы ойындардың бірі болды. Онда да өте жақсы деңгей көрсетіп, команда бойынша үшінші орын алған едік. Бұл – екінші ойын. Жоғары деңгейде ойын көрсетеміз деген ойдамыз. Команда құрамы толық, жігіттер жақсы дайындалды, – деді параспортшы Ерғали Шәмей.
Пара спортшылардың ойыны – әдеттегі олимпиадаға ұқсамайды. Олар үшін спорттағы дағды ғана емес, қабілет-қарым, физикалық қиындық қатар сыналады. Ал отандастардың ыстық ықыласы мен жарқын қолдауы – спортшылардың әуелгі күші, басты жетістігі.
Мадина Оқас, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы
Оқи отырыңыздар: Биыл әскерден келген жастарға 3 мың грант бөлінді
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!