Маңғыстау облысында көршісінің жасөспірім қызын зорламақ болды деген күдікті ұсталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетібайда кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болған және екі адамды өлтіруге оқталған деген дерекпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Маңғыстау облыстық ПД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, күдікті мас күйде болған. Ол көршісінің кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған және қызды да, оның ағасын да өлтіруға оқталған.

- Облыстық полиция департаменті Қарақия ауданы Жетібай кентінің тұрғынына қатысты кәмелетке толмаған жасөспірімді екі рет өлтіруге және зорлауға оқталды деген дерекпен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Масаң күйде болған қылмыскердің құрбандары - көршілері - жас жігіт пен оның қарындасы, - дейді полициядағылар. 

Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауда екені айтылады. 

- Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - дейді ПД өкілдері. 

Жергілікті "Маңғыстау Media" басылымының мәліметінше, қыз 8-сыныпта оқиды. Оның ағасы 20 жаста. Бірнеше пышақ жарақатын алғандықтан, олар қазіргі күні ауруханада жатыр дейді тілшілер. Жетібай аудандық ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, екі науқастың - 20 жастағы жігіт және оның 14 жастағы қарындасының жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Жігітке кеуде қуысының екіжақты тесілген жарақаттары, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің жаралануы, екіжақты гемопневмоторакс, жарақаттан кейінгі, 1/2 дәрежелі геморрагиялық шок, бел аймағының және сол иығының бірнеше тесілген жарақаты диагнозы қойылған. Басылым тілшілері оған шұғыл операция жасалғанын хабарлады. 

- 2010 жылы туған қызда іштің алдыңғы жағының бірнеше тесілген жарақаттары, асқазанның енетін жарақаты, гемоперитонеум, бас пен беттің түкті бөлігінің бірнеше тесілген жарақаты, жарақаттан кейінгі, 1/2 дәрежелі геморрагиялық шок бар. Оған да шұғыл операция жасалды, - деп хабарлады ауруханадағылар.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы ұрланған көліктерді иелеріне тауып берді

Новости партнеров