Астана тұрғыны бірнеше айдың ішінде 15 адамды алдап кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтың қолынан Астана, Павлодар және Қарағанды облыстарының тұрғындары зардап шекті.
- Транзиттік нөмірлері бар көліктерді автосалон арқылы сатып алуға уәде берген ер адам ақшаны өз қалауына жұмсаған. Ақшаның бір бөлігіне расымен сатып алушыларға көлік сатып алған, ал қалғанын ысырап еткен. Қарағанды облысының тұрғыны алаяққа 21,7 миллион теңге бергенін айтып, полицияға хабарласқан. Ал басқа адам 3,3 миллион теңге берген, – деп хабарлады полиция департаменті.
Алматы аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Астана қаласының тұрғынын құрықтап, "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Астана полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз: Бай болу үшін 4 әдеттен арылыңыз