Батыс Қазақстан облысында кәдесыйға арналған "доллар" ұрланды

polisia.kz
polisia.kz
Ер адам дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысының полицейлері кәдесыйға арналған "долларды" ұрлаған адамды ұстады. Ер адам тек дүкеннің бейнебақылау камерасына ғана емес, Бөрлі ауданының жедел басқару орталығы камераларына да түсіп қалған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Камераға ер адам оқиға орнынан көлікке мініп кеткен жері түсіп қалса керек. Жедел қызметкерлерге күдіктіні табу қиынға соққан жоқ. Ұрының Ақсай қаласының тұрғыны екені анықталды. Ұрланған "доллар" оның пәтерінен табылды.

Жауап алу кезінде оған таныстарының бірі дүкен иесінің долларды дүкенде сақтайтынын жеткізді. Танысының айтқанына сенген ол тез байып кетудің қамымен осындай әрекетке барған.

Аталған факті бойынша Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Бөрлі ауданы полиция басқармасы тіркеп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жаға ұстатар қылмыс болды

Новости партнеров