|
09.08.2023 | 18:07
495

Шымкентте 235 адамды сан соқтырған қылмыстық топ сотталды

Полиция дерегіне сүйенсек, жымысқы әрекетті 4 әйел мен 7 ер адам іске асырған

Шымкентте 235 адамды сан соқтырған қылмыстық топ сотталды Almaty.tv

Шымкентте 235 адамды 340 миллион теңгеге сан соқтырған қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алаяқтар туыстарын да аямаса керек. Жәбірленушілердің арасында олардың жақындары да бар екен. Полиция дерегіне сүйенсек, жымысқы әрекетті 23 пен 43 жас аралығындағы 4 әйел мен 7 ер адам іске асырған. Арасында 2 банк менеджері бар. Қылмыстық топ мүшелері туыстарын «тендерге» ақшалай көмек керек деп, несие алуға үгіттеген. Жасаған жақсылығы үшін «тиесілі үлесін береміз» және «қарызды толық жабамыз» деп сендіріпті. Көбіне несиені тауарлай рәсімдеп, алған қымбат техниканы қолма-қол сатқан. Содан түскен ақшаның 10-12 пайызын сыйақы ретінде берген екен. Бірақ ай соңында төлем уақыты келгенде әлгі күдіктілер жауап бермей, бой тасалаған. Нәтижесінде, несие өсімі көбейіп, алданғандар қарызға белшесінен батқан.

– Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде 11 адамнан тұратын топ ұсталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 340 млн теңгені құрады. Тергеу барысында жиналған қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жіберілді. Қылмыс жасағаны үшін кінәлілер 3 жылдан 5 жылға дейін сотталды, – деді ПД аға инспекторы Бақдәулет Оразбаев.

Оқи отырыңыз: Сақ болыңыз: алаяқ өзін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир