|
09.08.2023 | 18:44
517

Пойыздағы бала өлімі: анасы ұлының өліміне не себеп болғанын айтты

Қайғылы оқиға осыдан 3 күн бұрын «Атырау-Астарахан» пойызында болған

Пойыздағы бала өлімі: анасы ұлының өліміне не себеп болғанын айтты Almaty.tv

«Балам уланып көз жұмған жоқ». Атырау-Астрахан пойызында қайтыс болған жеткіншектің анасы баласының денсаулығына қатысты ақпарат айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тамара Цаплинаның айтуынша, перзентінің көз жұмуына басқа нәрсе себеп болуы мүмкін.

– Бала кезінен қан тамырлары өздігінен жарыла беретін. Оған аорта диагнозы қойылған. Баламның содан қайтыс болуы мүмкін деп ойлаймын. Мен қала әкіміне, облыс әкіміне, бүкіл Атырау қаласына моральдық, физикалық, қаржылай қолдағаны үшін, автобуспен қамтамасыз еткені үшін алғыс айтамын. Бізге қажет көмек көрсетілді. Ешкімге ешқандай шағымым жоқ, – деді марқұмның анасы Тамара Цаплина.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға осыдан 3 күн бұрын «Атырау-Астарахан» пойызында болған. Көз жұмған бала қатарластарымен төрт тәлімгерге еріп, лагерьге бара жатқан. Алайда, жолға шыққаннан кейін 1,5 сағаттан кейін өзін нашар сезініп, Нарын стансасына жедел жәрдем жеткен. Артынша баланың жан тапсырғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар қыз көз жұмды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир