Келес ауданында зейнеткердің атынан ірі көлемде несие рәсімдеген 3 әйел анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Егде жастағы ер адамның айтуынша, оның атынан белгісіз біреулер несие рәсімдеп, 4 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Зейнеткер болған жайтты атып, полицияға шағым түсірген. Құқық қорғаушылар аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
Жәбірленушінің шағымына сәйкес, алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары қажетті іс-шараларды жүргізді.
Атқарылған тиянақты жұмыс нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 3 күдікті әйел анықталды. Олар жұмыссыз, жергілікті тұрғындар болып шықты.
Анықталғандай, күдіктілер қарияның үйінде күтушісі болып жұмыс істеген және сеніміне кірген.
Содан телефонындағы банк қосымшасын пайдаланып, ірі көлемде несие рәсімдеген. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды