Полицейлер 27 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіледі. Ер азаматтан ұнтақ тәріздес 49,15 грамм ақ затты түйіншектер алынды. Толығырақ өңірдегі Almaty.tv тілшісі тарқатсын.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері мақсатты жедел іс-шаралар нәтижесінде аса ірі көлемде есірткі тәркіледі. Ұсталған азамат синтетикалық есірткіні жасырып, таратты деген күдікке ілінген.
Күдікті көрсеткен тағы 16 түйіншек жасырын орындардан, 3-і жалдамалы пәтерден анықталды. Сол жерден есірткі жасаушылардың құралдары да табылды, атап айтқанда, грамдық таразы, өлшеуіш қасық, салып қаптайтын материал.
«Алынған зат психотропты зат мефедрон болып табылады. Алынғанның жалпы салмағы – 49,15 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Ағымдағы жылғы алты айдың ішінде СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 125 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның 4 кг астамы - синтетикалық есірткі», – деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Руслан Үмбетов.
Аталған факт Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта аталған бапты есірткі сатылымын көздейтін Қылмыстық кодекстің 297-бабына қайта саралау жоспарланып отыр. Жыл басынан осымен төртінші рет басқа қала тұрғыны синтетикалық есірткіні жасырын орынға салып кетті деген күдікке ілініп, ұсталып отыр.