Шекара бұзған қырғыз азаматы ұсталды
MabelAmber
Қазақстандық шекарашылар оны пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен тапқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Іздеуде жүрген қырғызстандық шекара бұзушының ұсталған сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"2020 жылғы 24 шілдеде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаментінің шекарашылары пилотсыз ұшу аппаратын қолдану және ерікті жасақтардың көмегімен Мемлекеттік шекараны бұзушыны тауып, ұстады.
Мән-жайды анықтау барысында Қырғыз Республикасының азаматы адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін оны ішкі істер органдары іздестіріп жүргені белгілі болды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41