|
08.04.2024 | 18:18
2212

Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды

Өзбекстан азаматтары құны 10 млрд теңге болатын табиғи газды ұрлаған

Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды Almaty.tv

Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өзбекстан азаматтары құны 10 млрд теңге болатын табиғи газды ұрлап, біздің елде жасырынып жүрген. «Ірі көлемде ұрлық жасау» бабымен айып тағылған қос күдіктіні полицейлер Тұрар Рысқұлов ауданында қолға түсірді. Құзырлылар олардың ел аумағына қашан кіргені және қай уақыттан бері іздеу жарияланғаны жайында ақпарат беруден бас тартты. Бой тасалағандардың қылмысты қалай жасап, Жамбыл жерінде немен айналысқаны да тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.  

– 30 және 52 жастағы екі азамат көрші мемлекеттің Самарқанд облысында 288 млрд сум, яғни 10 млрд теңгеден аса ірі мөлшердегі табиғи газды ұрлады деп күдікке ілінген. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамаққа алынды. Жақына рада Өзбекстан еліне экстрадицияланатын болады, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың жеке қойын дәптеріне жазылған Салтанаттың қолхаты оқылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир