Күнделікті жалға алынған пәтерді ұзақ мерзімге жалға беріп отырған "Е" азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған азамат "ОЛХ" сайтында жарияланған хабарландыру арқылы адамдарға қосымша жұмыс ұсынды.
Күдіктінің қылмыстық ниетінен бейхабар адамдар жалға алушыларға пәтерлерін көрсетіп, сол үшін одан 20 мың теңге көлемінде қаражат алды.
Әлеуетті жалға алушылар шарт жасасқанға дейін тұрғын үй үшін авансты жалға берушінің банктік картасына аударған.
Ақшаны жалға беруші аударғаннан кейін онымен міндеттемелер орындалмай, сонымен қатар соңғысы байланысқа шықпай, нөмірді бұғаттаған.
17 азаматқа жалпы сомасы 4 млн. теңгеден астам материалдық залал келтірілді.
Алмалы аудандық прокуратурасымен қылмыстық іс ҚПК-нің 305-бабы тәртібінде сотқа жолданды.
Азаматтардан осы алаяқтыққа назар аударуды және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуін сұраймын.