«TasksCat» интернет жобасында қаржы пирамидасының негізгі белгілері табылды

stan.kz
stan.kz
Жаңа қатысушыны шақырғаны үшін адамға 5-15 пайыз төлем берілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«TasksCat» интернет жобасында қаржы пирамидасының негізгі белгілері табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша, олар азаматтарға тапсырмаларды орындау арқылы 2500 теңге табыс табуды ұсынып келген. Жаңа қатысушыны шақырғаны үшін адамға 5-15 пайыз төлем берілген. Ал ұйымдастырушылар қызметтерді «пакет» түрінде сатқан.

«Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін Telegram әлеуметтік желісінде көрсетілген мәлімет ақпарат кітабына тіркеліп, қорытынды жасау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберіледі. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Новости партнеров