|
10.04.2024 | 20:21
1496

Қарағанды облысында заңсыз құжат рәсімдегендер ұсталды

Алаяқтыққа жол бергендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қарағанды облысында заңсыз құжат рәсімдегендер ұсталды Almaty.tv

Қарағанды облысында 700-ден аса құжатты заңсыз рәсімдегендер ұсталды. Қылмыстық топ «шетелдіктерді уақытша тіркеу» анықтамасын жасап келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заңды белшеден басқандарды облыс прокуратурасы мен ҰҚК-ның департамент мамандары біраз уақыттан бері бақылауда ұстап, анықтапты. Ал қылмыстық схемаға Халыққа қызмет көрсету орталығы мен медициналық мекемелердің қызметкерлері және делдалдар қатысқан. Кейіннен анықталғандай, қылмыстық топ мүшелері осы әрекеттері үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Ал халыққа қызмет көрсету орталығының маманы құжатты тіркеу барысында «тұрғын үй иелерінің қатысуы тиіс» деген талапқа көз жұма қарап, құзыреттілігін асыра пайдаланған. Қылмысқа барғандардың 25 пен 37 жастағы азаматтар екені анықталып отыр. Іс қаралған соң, алаяқтыққа жол бергендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Әрекеттің электронды-цифрлық қолтаңба иелерінің қатысуынсыз, жасырын жасалған. Тексеру барысында халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен медицина қызметкерлерінің қатысы бары анықталып отыр. Заңсыз рұқсат бергендер жауапкершіліктен құтылмайды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді облыстық прокуратураның аға прокуроры Ерлан Түсіпов.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир